Оқу ордам Мақтанышым
Оқу ордам Мақтанышым

 

Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен болып табылады.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары, 47 Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендиаттары жұмыс істейді. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Біз бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтас.

2003 жылы 16 қыркүйекте Еуропадағы белгілі Болонья (Италия) университетінің қабырғасында университет Дүниежүзілік университеттердің хартиясына қол қойды. Сөйтіп, ҚазҰУ Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді.

Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда. 

Универсиетте Қазақстандағы аса ірі ИНТРАНЕТ желісіне қосылған, 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер сыныптары мен Интернет залдар жұмыс істейді. Интранет жүйесі барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынтыландыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін практикалық қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі корпоративтік желі болып табылады.

ҚазҰУ қалашығының барлық аймағы Wi-Fi сымсыз желісімен қамтылатын болады. Оның кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, Интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар тәулік бойы істейтін 300 орындық жаңа Интернет-кафе жұмыс істейді. 

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры, КТК командасы жұмыс істейді.

Мен университетімді мақтан тұтамын

Аблахатова С. "Дінтану" мамандығының 4 курс студенті

www.kaznu.kz

 

 

СымбатСымбат
2 жыл бұрын 1325
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0